Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Мұнайлы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 6/51 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 01 қазанда № 2158 тіркелді. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 17/201 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық мәслихатының 12.12.2013 № 17/201 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Біржолғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-көмек) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға және мұқтаж азаматтарға ақшалай қаражат түрінде белгіленсін:
      Аз қамтамасыз етілген отбасыларға;
      мүгедектерге;
      жалғыз басты аналарға;
      көшіп келген оралмандарға;
      Маңғыстау облысынан тыс жерлерде емделуге кететін материалдық жағдайы жоқ отбасыларға;
      өрт, су тасқыны немесе жол апаты салдарынан отбасына материалдық залал келтірілгенде, сонымен қатар, отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда;
      өкпе, онкология, қант диабеті ауруларына шалдыққандарға;
      нақты тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарға;
      қосымша көбірек шығын талап ететін ұзақ мерзіммен емделетін ауруға шалдыққан зейнеткерлерге.
      2. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі–уәкілетті орган) болып табылады (келісім бойынша).
      3. Көмек азаматтардың өтініші бойынша жылына бір рет тағайындалады және мөлшері қырық айлық есептік көрсеткіштен көп емес.
      4. Көмек көрсету туралы өтініш аудан әкімінің атына беріледі. Өтінішке осы шешімнің қосымшасына сәйкес тізбеде көрсетілген құжаттар қосылады.
      5. Аудандық әкімдіктен көмек сұраған тұлғалардың материалдық жағдайын тексеру сұрақтары бойынша құрылған учаскелік комиссиялар (бұдан әрі–комиссия) үш күн мерзім ішінде арыз берушінің әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын тексеруді жүзеге асырады (келісім бойынша).
      6. Аудан әкімі комиссияның ұсыныстарының негізінде бес күн ішінде әлеуметтік көмекті көрсету туралы немесе дәлелді бас тартуға шешім қабылдайды (келісім бойынша).
      7. Шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті орган жеті күн ішінде екінші деңгейдегі банктер арқылы көмекті төлеуді жүзеге асырады.
      8. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      Сессия төрағасы                         А. Үкібаев

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                 Б. Назар
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Мұнайлы аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы
      Г. Ақниязова
      13 қыркүйек 2012 жыл

Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 6/51 шешіміне қосымша

Біржолғы әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1. Әлеуметтік көмек алушыдан өтініш;
      2. Әлеуметтік көмек алушының және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттары;
      3. Әлеуметтік көмек алушының және отбасы мүшелерінің тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжаттар;
      4. Әлеуметтік көмек алушының салық төлеуші куәлігі;
      5. Әлеуметтік көмек алушының банктық шоты бар болуын растайтын құжат;
      6. Әлеуметтік көмек алушының және отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;
      7. Оралман мәртебесін растайтын құжат;
      8. Отбасына материалдық залал көлтірілген оқиғаны анықтайтын құжат (от, су тасқыны, жол апаты), еңбекке жарамсыздығы туралы, емделуге берілген анықтама немесе жолдама;
      9. Отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болғандығын растайтын құжат.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады