Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қосымшаға сәйкес Жітіқара ауданының аумағындағы Мүктікөл кен орнының жер асты сулары № 2, № 14 ұңғымаларының учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай
облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесі директорының
міндетін атқарушы
________________________ Ю. Севостьянов
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________________ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 409 қаулысына қосымша |
Жітіқара ауданының аумағындағы Мүктікөл
кен орнының жер асты сулары № 2, № 14
ұңғымаларының учаскесінде шаруашылық-ауыз
су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту | Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері | |||||
І - белдеу | ІІ - белдеу | ІІІ - белдеу | ||||
Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | |
№ 2, № 14 |
Әр |
0,34 |
Ұзындығы |
8,34 |
Радиусі - |
203 |
Ескерту: "Қостанай облысының Жітіқара ауданы. Мүктікөл кен орнының жер асты сулары. №№ 14 және 2 ұңғымаларының учаскесі көздерінің санитарлық қорғау аймақтары белдеулерінің мөлшерлерін негіздеу" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Житикаракоммунэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).