РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50-бабының 3-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының және Қостанай облысы әкімдігінің "Азаматтардың жеке меншігінде бола алатын жер учаскелері көлемдерінің шектік (максималды) көлемдері туралы" 2006 жылғы 15 қыркүйектегі бірлескен № 347/5 бр шешімі мен қаулысына (2006 жылғы 7 қарашадағы "Костанайские новости" және 2006 жылғы 3 қарашадағы "Қостанай таңы" газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3554 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жеке меншiкте болуы мүмкiн жер учаскелерінің шекті(максималды) ең жоғары көлемі туралы";
1-тармақта:
бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"Жеке меншiкте болуы мүмкiн Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жер учаскелерінің шекті көлемдері белгіленсін.".
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі |
Сессия төрағасы |
Қостанай облыстық |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Жер
ресурстарын басқару агенттігінің
Қостанай облысы бойынша аумақтық
жер инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________ Т. Төлеубаев