Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (максималды) көлемі туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы мәслихатының мен Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі N 347/5бр шешімі. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2006 жылғы 15 қыркүйектегі N 3554 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2014 № 3 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 14.03.2014 № 261 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабының 3-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2014 № 3 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 14.03.2014 № 261 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

     1. Жеке меншікте болуы мүмкін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін, жер учаскелерінің шекті (максималды) көлемдері белгіленсін.

     1) Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін (үй жанындағы және танаптық үлестерді қоса отырып) ауылды жерлерде суарылмайтындарда - 0,50 гектар (оның ішінде - 0,25 гектар тегін) және 0,30 гектарға дейін суарылатын жерлерде (оның ішінде 0,15 гектар тегін);

     2) жеке тұрғылықты құрылыс үшін - 20 гектар (оның ішінде 0,10 гектар тегін)

     3) бау-бақша жүргізу үшін, сонымен қатар саяжай құрылысы үшін - 0,24 гектар (оның ішінде 0,12 гектар тегін).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының және Қостанай облысы әкімдігінің 2012.09.25 № 77/4 бр (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен шешімімен мен қаулысымен.

     2. Қостанай облыстық мәслихатының және Қостанай облысы әкімдігінің "Азаматтардың жеке меншігіндегі және тауарлы ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін ұзақ мерзімді жер пайдалануда болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең үлкен) мөлшері туралы" 2002 жылғы 15 наурыздағы N 201-3 С шешімінің күші жойылды деп саналсын (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімдегі нөмірі 1420).

     3. Бірлескен шешім мен қаулы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданысқа енеді.

      Кезектен тыс сессия төрағасы

      Қостанай облысының әкімі

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады