Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 27 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 9 ақпанда № 9-1-178 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 8 қазандағы № 2238 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 08.10.2013 № 2238 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалар "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңымен белгіленген сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын әлеуметтік көмек көрсетумен қамтамасыз етілсін.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан былай – уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Мыналар:
      1) әлеуметтік көмек арыз берген айынан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және оқу мерзімінде төленеді;
      2) әлеуметтік көмек төлемі мүгедек-балалардың ортақ және санаторлық үлгідегі мектеп-интернаттарда тұратын кезде жүргізілмейді деп белгіленсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.К. Жұрқабаевқа жүктелсін.

      Қостанай
      қаласының әкімі                            Ж. Нұрғалиев

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ____________________ В. Рубинский

      "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ Р. Айтқожинова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады