Автомобиль таксилердің бірыңғай түсті гаммасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 674 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 4 мамырда № 9-1-190 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 1396 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 1396 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының" 27-тармағына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай қаласында автомобиль таксилердің сыртын безендіру үшін бірыңғай ақ түсті гаммасы белгіленсін.
      2. Осы қаулы міндетті ресми жариялауға жатады және 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары В.А. Полешкоға жүктелсін.

      Әкім                                       Ғ. Нұрмұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын
      үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар
      көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ А. Маклюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады