Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 1311 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 24 шілдеде № 9-1-193 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 335 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 18.02.2016 № 335 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай қаласы бойынша ұйымдарда, мекемелерде және кәсіпорындарда, олардың меншік нысанына қарамастан, жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес мүгедектерді жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиновқа жүктелсін.
      Әкім Ғ. Нұрмұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады