Қостанай қаласының құрамды бөліктерін атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1 қаулысы және Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 қазандағы № 77 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 24 қазанда № 3853 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13-бабына сәйкес, қалалық ономастикалық комиссияның қорытындысына сәйкес және халықтың пікірін ескеріп, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қостанай қаласының құрамды бөліктеріне келесі атаулар берілсін:
      "Амангелді" тұрғын үй алабы;
      "Геофизик" тұрғын үй алабы;
      "Дружба" тұрғын үй алабы;
      "Қонай" тұрғын үй алабы;
      "Жылы жай" тұрғын үй алабы;
      "Ударник" тұрғын үй алабы.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қостанай қаласының әкімі
    _______ Ғ. Нұрмұхамбетов

       Сессия төрайымы, № 14         сайлау округі
       бойынша депутаты
       ________ Ә. Байменова

       Қостанай қалалық
       мәслихатының хатшысы          __________Н. Халықов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады