Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 23.07.2013 № 1472 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет стандарты негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін ай сайын әр балаға 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып анықталсын.
3. Әлеуметтік көмек тиісті оқу жылы бойы ай сайын төленіп тұратыны белгіленсін.
4. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 14 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.
Рудный
қаласының әкімі Б.Ғаязов