Мәслихаттың 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 492 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 81 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 желтоқсанда № 3954 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 198 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 25.09.2013 № 198 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 492 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-2-191, 2011 жылғы 14 қазанда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Әлеуметтік көмек:
      1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша медициналық тексеруге және (немесе) оперативтік емделуге, бір жолғы, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
      2) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге, бір жолғы, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған күні "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген туыстарын жерлеуге, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) білім беру ұйымдарында оқуға төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушыларды, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардағы жастарға, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      11) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      12) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, санаторийлерге және оңалту орталықтарына жол жүрумен байланысты шығындарды өтеуге, нақты шығындар бойынша көрсетілсін.";
      2-1-тармақ алынып тасталсын;
      мына мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
      "2-2. Ай сайынғы әлеуметтік көмекті бірнеше санаттар бойынша алуға құқығы бар тұлғаларға жәрдемақы олардың таңдауы бойынша бір санат бойынша төленеді.";
      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   М. Куанышбаев

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                В. Лощинин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Рудный қаласы әкімдігінің
      "Рудный қалалық қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ М. Дуспулов

      Рудный қаласы әкімдігінің
      "Рудный қалалық экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы
      _______________ З. Жигунова

      "Рудный қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ Е. Скаредина
 

Мәслихаттың         
2012 жылғы 6 желтоқсандағы 
№ 81 шешіміне қосымша   

Мәслихаттың         
2011 жылғы 14 қыркүйектегі 
№ 492 шешіміне қосымша   

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Міндетті құжаттар:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
      2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат;
      3) тұтынушының салық төлеуші куәлігі;
      4) тұтынушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      5) тұтынушының банктық шоты бар болуын растайтын құжат;
      6) тұтынушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар:
      1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай нақты шығындар бойынша, медициналық тексеруге және (немесе) оперативтік емделуге:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      медициналық тексеру және (немесе) оперативтік емделу шығындарын растайтын құжат;
      2) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұтынушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      3) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұтынушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғалары үшін, қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген туыстарын жерлеуге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұтынушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      туыстық қатынастарды растайтын құжат;
      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      7) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      емделуде болуын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
      8) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұтынушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;
      оқу төлемін растайтын құжат;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      11) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      12) барлық санаттағы мүгедектер үшін, табысын есепке алмай, санаторийлерге және оңалту орталықтарына жол жүрумен байланысты шығындарды өтеуге:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      жол жүру билеттері (тұрғылықты жерден бару пунктіне дейін және кейін қайту);
      мүгедектің санаторийде немесе оңалту орталығында болуын растайтын құжат.
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.
      4. Осы шешімнің 1-тармағының 4) тармақшасымен көзделген жағдайда, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелгендігін тексереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады