Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 492 шешімі. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 қазанда № 9-2-191 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 198 шешімімен

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 25.09.2013 № 198 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек:
      1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша медициналық тексеруге және (немесе) оперативтік емделуге, бір жолғы, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
      2) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге, бір жолғы, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған күні "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген туыстарын жерлеуге, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) білім беру ұйымдарында оқуға төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушыларды, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардағы жастарға, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      11) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      12) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, санаторийлерге және оңалту орталықтарына жол жүрумен байланысты шығындарды өтеуге, нақты шығындар бойынша көрсетілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012.12.06 № 81 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      2-1. алынып тасталды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012.12.06 № 81 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2-2. Ай сайынғы әлеуметтік көмекті бірнеше санаттар бойынша алуға құқығы бар тұлғаларға жәрдемақы олардың таңдауы бойынша бір санат бойынша төленеді.
      Ескерту. Шешім 2-2-тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012.12.06 № 81 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
       3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   Ф. Виноградов

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                В. Лощинин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Рудный қаласы әкімдігінің
      "Рудный қалалық қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________________ М. Дуспулов

      Рудный қаласы әкімдігінің
      "Рудный қалалық экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________________ С. Искуженов

      "Рудный қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _______________________ Е. Скаредина

Мәслихаттың         
2011 жылғы 14 қыркүйектегі 
№ 492 шешіміне        
қосымша           

      Мәслихаттың         
2012 жылғы 6 желтоқсандағы 
№ 81 шешіміне қосымша   

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік
көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті
алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012.12.06 № 81 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 19.02.2013 № 107 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Міндетті құжаттар:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
      2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат;
      3) алынып тасталды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 19.02.2013 № 107 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.;
      4) тұтынушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      5) тұтынушының банктік шоты бар болуын растайтын құжат;
      6) тұтынушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар:
      1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай нақты шығындар бойынша, медициналық тексеруге және (немесе) оперативтік емделуге:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      медициналық тексеру және (немесе) оперативтік емделу шығындарын растайтын құжат;
      2) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұтынушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      3) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұтынушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғалары үшін, қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген туыстарын жерлеуге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұтынушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      туыстық қатынастарды растайтын құжат;
      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      7) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      емделуде болуын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
      8) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұтынушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;
      оқу төлемін растайтын құжат;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      11) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      12) барлық санаттағы мүгедектер үшін, табысын есепке алмай, санаторийлерге және оңалту орталықтарына жол жүрумен байланысты шығындарды өтеуге:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      жол жүру билеттері (тұрғылықты жерден бару пунктіне дейін және кейін қайту);
      мүгедектің санаторийде немесе оңалту орталығында болуын растайтын құжат.
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.
      4. Осы шешімнің 1-тармағының 4) тармақшасымен көзделген жағдайда, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелгендігін тексереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады