Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2012.26.12 № 635 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады) қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2012 жылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу нақты орындалған жұмыстар үшін ең төменгі айлық жалақының 1,5 мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
3. Еңбекақы төлеуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде әлеуметтік салықты төлеуге және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдеріне, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға тиесілі жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетіні белгіленсін.
4. Қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуы "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындау шартында көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Е.Теменовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқалық қаласы әкімінің
міндетін атқарушы Е. Жаманов
Әкімдіктің
2012 жылғы 13 қаңтардағы
№ 41 қаулысымен бекітілген
2012 жылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, ұйымдардың тізбесі
№ |
Ұйымның атауы |
Жұмыс |
Жұмыс |
Еңбекақы |
Жұмыстардың |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Арқалық қаласы |
Қызметкердің |
27379 |
Ең төменгі |
Қоғамдық |
2 |
Арқалық қаласы |
Қызметкердің |
8348 |
Ең төменгі |
Қоғамдық |
3 |
Арқалық қаласы |
Қызметкердің |
70122 |
Ең төменгі |
Қоғамдық |
4 |
Арқалық қаласы |
Қызметкердің |
2003 |
Ең төменгі |
Қоғамдық |
5 |
Арқалық қаласы |
Қызметкердің |
2448 |
Ең төменгі |
Қоғамдық |
6 |
"Арқалық қаласы |
Қызметкердің |
2003 |
Ең төменгі |
Қоғамдық |
7 |
Аркалық қаласы |
Қызметкердің |
125625 |
Ең төменгі |
Қоғамдық |