РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2013 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың бітірушілер;
үш ай және одан астам жұмыс істемеген жұмыссыз адамдар;
бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (еңбек өтілі жоқ);
қырық бес жастан асқан жұмыссыздар;
маусымдық және уақытша жұмыстардың мерзімі аяқталуына байланысты жұмыстан босатылған жұмыссыздар;
уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби даярлықты және (немесе) қайта даярлықты, біліктілігін арттыруды аяқтаған жұмыссыздар;
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
2. "Халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2012 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 08 желтоқсанындағы № 557 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-157 тіркелген, 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 2 (388) "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) күші жойылды деп есептелсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Ж. Мәметеқовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Арқалық қаласының әкімі Б. Әбдіғалиұлы