"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына және "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысы Қостанай ауданының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (келісім бойынша) арқылы 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. 2012 жылға азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргiзудiң қоса беріліп отырған кестесі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай облысының ішкі істер департаментінің "Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) медициналық және әскерге шақыру комиссияларын өту кезеңінде әскерге шақырылушылардың арасында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С. С. Қазыбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Алтынсарин ауданының әкімі Б. Ахметов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы Қостанай
ауданының Қорғаныс iстерi
жөнiндегi бiрiктiрiлген
бөлiмi" мемлекеттiк
мекемесiнің бастығы
_________ Р. Саттаров
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қостанай облысының ішкі
істер департаментінің
Алтынсарин ауданының
iшкi iстер бөлiмi"
мемлекеттiк
мекемесiнiң бастығы
________ Б. Шубаев
2012 жылғы 27 наурыз
№ 76 қаулысымен
бекітілген
2012 жылға азаматтарды әскери қызметке
шақыру жүргiзудiң кестесі
№ |
Село- |
бар |
Негізгі күндер |
Резер- |
бар |
Негізгі күндер |
Резерв- |
||||||||||
сәуір |
мамыр |
қазан |
қараша |
||||||||||||||
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
30 |
31 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
22 |
23 |
||||
1 |
Боль- |
27 |
27 |
14 |
14 |
||||||||||||
2 |
Димит |
22 |
22 |
12 |
12 |
||||||||||||
3 |
Доку- |
18 |
18 |
26 |
26 |
||||||||||||
4 |
Крас- |
13 |
13 |
6 |
6 |
||||||||||||
5 |
Лер- |
10 |
10 |
8 |
8 |
||||||||||||
6 |
Мая- |
11 |
11 |
6 |
6 |
||||||||||||
7 |
Ново- |
21 |
21 |
16 |
16 |
||||||||||||
8 |
Прио- |
8 |
8 |
5 |
5 |
||||||||||||
9 |
Свер- |
15 |
15 |
12 |
12 |
||||||||||||
10 |
Сила- |
38 |
38 |
39 |
39 |
||||||||||||
11 |
Оба- |
13 |
13 |
12 |
12 |
||||||||||||
12 |
Щер- |
27 |
27 |
34 |
34 |
||||||||||||
бар- |
223 |
49 |
50 |
42 |
45 |
37 |
190 |
36 |
48 |
39 |
36 |
31 |