2012 жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 111 қаулысы. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 мамырда № 9-5-148 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 179 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2012.07.23 № 179 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10 тармағына сәйкес және 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 1-129 "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсыныстары негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2012 жылдың 10 маусымына дейін белгіленсін.
      2. 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулыныңқосымшасына сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Нүрғалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Ахметов

Әкімдіктің        
2012 жылғы 10 мамырдағы 
№ 111 қаулысына    
қосымша         

2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдар түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы

Себу мерзімдері

1

Дәнді (күздік
дақылдардан басқа)

15 мамырдан 5 маусымға
дейін

2

Бұршақтұқымдас

15 мамырдан 5 маусымға
дейін

3

Майлы дақылдар

18 мамырдан 30 мамырға
дейін

4

Жемшөптік (өткен
жылдарындағы көпжылдық
шөптерінен басқа)

30 сәуірден 15 шілдеге
дейін

5

Сүрлемдік жүгері мен
күнбағыс

15 мамырдан 31 мамырға
дейін

6

Бірінші, екінші және
үшінші өсіру
жылдарындағы
бұршақтұқымдас
көпжылдық шөптер

20 сәуірден 1 тамызға
дейін

7

Күздік дәнді дақылдар

15 тамыздан 1 қыркүйекке
дейін

8

Көкөніс және бақша
дақылдары

25 сәуірден 10 маусымға
дейін

9

Картоп

10 мамырдан 31 мамырға
дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады