Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 32 қаулысы. Қостанай облысы Амангелді ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 7 ақпанда № 9-6-140 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 388 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 26.12.2014 № 388 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық Кодексінің 42-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аманкелді ауданы әкiмiнiң орынбасары С.У. Хайруллинге жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы бойынша
      Қылмыстық-атқару жүйесі
      департаментінің Амангелді
      аудандық қылмыстық-атқарушы
      инспекциясының инспекторы
      әділет лейтенанты
      ___________________ С. С. Нурканов

Әкімдіктің 2012 жылғы 
17 қаңтардағы № 32   
қаулысына қосымша   

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға
сотталғандар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері

      1. Аумақты мұздан тазалау.
      2. Аумақты қардан тазалау.
      3. Аумақты қоқыстан тазалау.
      4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалау.
      5. Аумақты арамшөптен тазалау.
      6. Жас шыбықтарды қию.
      7. Ағаштарды қию.
      8. Ағаштарды ақтау.
      9. Ағаш отырғызу.
      10. Ағаш қоршауды жөндеу.
      11. Қоршауды сырлау.
      12. Ғимаратты ақтау.
      13. Ғимаратты сырлау.
      14. Гүл хауыздарын бөлу.
      15. Шөпті шабу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады