Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 315 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 желтоқсанда № 3927 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 125 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 06.05.2016 № 125 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
      1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде;
      2) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде.
      2. "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш жасаған қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. У. Хайруллинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ж. Таукенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады