"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әулиекөл ауданы бойынша барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындарында, ұйымдары мен мекемелерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыздың шамасында квота белгіленсін.
2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналасу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Калиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Нұрмұхамбетов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Әулиекөл ауданының
жұмыспен қамту әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
ММ бастығы
_____________ Р.С. Нұғманова