Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 115 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 сәуірде № 9-7-157 тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына және "Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әулиекөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Әскерге шақырылушылардың аудандық шақыру учаскесіне уақытында келуі ұйымдастырылсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі Істер Департаменті Әулиекөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету ұсынылсын:
      1) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді;
      2) әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.
      4. "Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу бойынша шараларды бюджетте көзделген қаражаттың шегінде қаржылындыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Қалиевке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы сәуірден бастап туындайтын іс-қимылға таратылады.

      Әулиекөл ауданының әкімі                         Ж. Нұрғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі Істер министрлігі
      Қостанай облысы Ішкі Істер
      Департаментінің Әулиекөл
      ауданының ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ Исмағұлов Н.Ә.

      "Қостанай облысы Әулиекөл
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы
      __________ Түгелбаев М.Т.

      Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Әулиекөл аудандық орталық
      ауруханасы" шаруашылықты
      жүргізу құқығындағы
      мемлекеттік коммуналдық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      __________ Шульгин С.В.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады