Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 117 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 24 сәуірде № 9-8-198 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 07-07/375 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 04.04.2013 № 07-07/375 хаты).

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қостанай облысы Денисов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша ) арқылы 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Денисов ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде:
      1) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыру;
      2) аудандық әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М. Т. Мұратбековқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Денисов
      ауданының әкімі                            В. Ионенко

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі
      істер министрлігінің Қостанай
      облысы Ішкі істер департаментінің
      Денисов ауданының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ А. Жағыпаров

      "Қостанай облысы Денисов ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _____________________ В. Слободюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады