Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 17.11.2014 № 66 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілеу туралы" 2010 жылғы 21 қазандағы № 243 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-8-162 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 10 желтоқсандағы "Наше время" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
10-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы, қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда уәкілетті органмен есептеледі.";
12-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысынан 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының кезектен
тыс сессиясының төрайымы Н. Таран
Денисов аудандық
мәслихатының хатышысы А. Мұрзабаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Денисов ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________ С.Ф. Рахметова
"Денисов ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығының міндетін атқарушы
__________ Л.А. Дранчуковская