Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010 жылғы 21 қазандағы № 243 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 қарашада № 9-8-162 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 17.11.2014 № 66 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес және Денисов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы № 27 қыркүйектегі № 268 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінің және тәртібінің жобасын Денисов аудандық мәслихатының сессиясына енгізу туралы" қаулысын қарастырып мәслихат ШЕШТІ:
      1. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін қосымшаға сәйкес белгілеу.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының
      кезектен тыс сессиясының
      төрағасы                                  С. Однодворский

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Тойбағоров

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Денисов ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ______________ Д. Мұсұлманқұлова

      "Денисов ауданының
      экономика және бюджетті
      жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ______________ Е. Подело

Мәслихаттың       
2010 жылғы 21 қазандағы 
№ 243 шешіміне қосымша 

Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Денисов ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қолданылған шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттарының әрқайсысы бойынша шығыстарының сомасы ретінде айқындалады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 05.02.2014 № 2 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі-өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган), немесе баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі – орталық) өтінішпен өтініш береді және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2012.11.05 № 47 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттарды беру сәтінен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдайды.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2011.09.23 № 63 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады, өтініш беруші өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.
      5. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      6. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      7. Өтініш беруші жалған мәлімет беру арқылы заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға жол бергені айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындау мерзіміне тоқтатылады.
      8. Өтініш беруші қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу қайтыс болған адамдардың тізімдері негізінде немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер бойынша жүргізіледі.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      9. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алуға ниет білдіруші отбасының (азаматтың) жиынтық табысынан шыға отырып анықталады.
      10. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы, қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда уәкілетті органмен есептеледі.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2012.06.18 № 36 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      11. Азаматтың табысын растайтын құжаттарды тапсырғанда, мүгедектер және бір айдан астам стационарлық ем қабылдап жатқан тұлғаларды, күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және магистранттарды, сондай-ақ 1 және 2-топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды күтіп бағумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмыссыз адамдар жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органынан жұмыссыз ретінде тіркелуі жөніндегі құжаттарды тапсырады.
      12. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысынан 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2012.06.18 № 36 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде алаңның нормасы есепке алынады:
      1) бір отбасы мүшесіне - көп бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін 18 шаршы метрі және отбасына 9 шаршы метрін қосымша; бір бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін - тұрғын жайдың жалпы алаңы;
      2) жалғыз тұратын азаматтар үшін - пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшін де қолданылады.
      14. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
      Егер шығыстарға тарифтер мен нормативтер заңмен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығынды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
      15. Коммуналдық қызметтерді тұтынатын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығынмен анықталады.
      16. Электр қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бір адамға 100 киловатт, электр плитасы, электр су жылытқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға, 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығындардан асырмай жүргізіледі.
      17. Белгіленген нормалардан жоғары коммуналдық қызметтердің тұтынуы тұрғын үйдің меншік иелерімен, жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізінде төленеді.

3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      18. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.
      19. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының банктік шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2012.11.05 № 47 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады