Денисов ауданы бойынша 2012 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 198 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 шілдеде № 9-8-205 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12 тармағы және "Қостанай ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі ұсынымы негізінде Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылдың 15 мамырға дейін субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім ұсыну мерзімі белгіленсін.
      2. Денисов ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары Т.Б. Рамазановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                В. Ионенко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Денисов ауданы әкімдігінің
      кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
      бөлімі" ММ бастығы
      ________________ А. Бәбенов

Әкімдіктің        
2012 жылғы 29 маусымдағы  
№ 198 қаулысына қосымша  

Денисов ауданы бойынша 2012 жылға арналған
субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының
әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы

Себу мерзімдері

1

Жазғы бидай

15 мамырдан 5 маусымға дейін

2

Күзгі бидай

15 тамыздан 1 қыркүйекке
дейін

3

Күзгі қара бидай

15 тамыздан 1 қыркүйекке
дейін

4

Сұлы

15 мамырдан 5 маусымға дейін

5

Арпа

15 мамырдан 5 маусымға дейін

6

Тары

15 мамырдан 5 маусымға дейін

7

Қарақұмық

15 мамырдан 5 маусымға дейін

8

Дәндібұршақтұқымдастар

15 мамырдан 5 маусымға дейін

9

Майлы дақылдар

18 мамырдан 30 мамырға дейін

10

Картоп

10 мамырдан 31 мамырға дейін

11

Көкөніс-бақша дақылдары

25 сәуірден 10 маусымға дейін

12

Жемшөптік, оның ішінде
бірінші, екінші және
үшінші өсіру жылдарындағы
бұршақтұқымдас көпжылдық
шөптер

30 сәуірден 15 шілдеге дейін

13

Шабындық жерлерді
шалғындандыру үшін
егілген көпжылдық шөптер

5 шілдеден 1 тамызға дейін

14

Сүрлемге арналған жүгері,
күнбағыс

15 мамырдан 31 мамырға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады