Мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 243 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2012 жылғы 5 қарашадағы № 47 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 қарашада № 3900 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 17.11.2014 № 66 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін белгілеу туралы" 2010 жылғы 21 қазандағы № 243 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-8-162 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 10 желтоқсандағы "Наше время" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімінің қосымшасында:
      1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Денисов ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге;
      жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қолданылған шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттарының әрқайсысы бойынша шығыстарының сомасы ретінде айқындалады.";
      2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі-өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган), немесе баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі – орталық) өтінішпен өтініш береді және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
      19-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "19. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының банктік шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының
      кезектен тыс
      сессиясының төрағасы                       М. Хазиев

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Мұрзабаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Денисов ауданы
      әкімдігінің экономика
      және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____ С.Ф. Рахметова

      "Денисов ауданының
      жұмыспен қамту
      және әлеуметтік
      бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____ Д.Т. Мұсұлманқұлова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады