Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 105 қаулысы. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 сәуірде № 9-9-151 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27 бабына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы (келісім бойынша) 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Жангелдин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
      1) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыру;
      2) аудандық шақыру пунктінде шақырушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Абжамаловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                Н. Төлепов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Қостанай облысының Ішкі
      істер департаменті
      Жангелдин ауданының
      ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _________ А. Қабажаев

      "Қостанай облысы
      Жангелдин ауданының
      Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______ К. Тулебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады