Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 237 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 сәуірде № 9-10-181 тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қостанай облысы Жітіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақыруды жүргізген және топтарды жіберген кезеңде аудандық әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.А. Жаулыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Жітіқара ауданының әкімі                         К. Испергенов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Қостанай облысы Жітіқара
      ауданының Қорғаныс
      істері жөніндегі
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________ Б. Берекетов

      "Қазақстан Республикасы
      ішкі істер Министрлігі
      Қостанай облысының
      ішкі істер Департаменті
      Жітіқара қаласы және
      Жітіқара ауданының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________ Е. Дербисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады