Мәслихаттың 2010 жылғы 20 тамыздағы № 269 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 65 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 қыркүйекте № 3832 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 290 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 29.12.2014 № 290 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" мәслихаттың 2010 жылғы 20 тамыздағы № 269 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-10-147 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 9 қыркүйекте "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімімен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      "жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құны.
      Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі.";
      2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) немесе халыққа қызмет көрсету орталығына балама негізде өтініш береді және "Тұрғын үй көмегін қөрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
      23-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "23. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының банктік шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессиясының төрайымы          Р. Шукманова

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы                       М. Кененбаева

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы _____________ А. Мекебаева

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы
      _________________ Ж. Байжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады