2012 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 61 қаулысы. Қостанай облысы Қамысты ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 наурызда № 9-11-135 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі белгіленсін:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      15) ұзақ уақыт (жыл және көбірек) жұмыс істемеген адамдар;
      16) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген қырық бес жастан асқан адамдар;
      17) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби даярлықты және (немесе) қайта даярлықты, біліктілігін арттыруды аяқтаған жұмыссыздар;
      18) уақытша және маусымдық жұмыстардың мерзімдері аяқталуына байланысты жұмыстан шығарылған жұмыссыздар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Асқар Жақанұлы Жақсыбаевқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін қолданысқа енгiзiледi.

      Қамысты ауданының әкімі                    Б. Өтеулин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады