Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 79 қаулысы. Қостанай облысы Қамысты ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 сәуірде № 9-11-137 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметін белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы", Жарлығына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қаупсіздіқ комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Қамысты аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде:
      1) өз құзыреті шегінде, әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыру;
      2) әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жіберу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Асқар Жақанұлы Жақсыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған кейін сон қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қамысты
      ауданының әкімі                            Б. Өтеулин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы ішкі
      істер министрлігі Қостанай
      облысының Ішкі істер Департаменті
      Қамысты ауданының ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _______________ Өмірбаев Р.А.

      "Қостанай облысы Камысты
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ Абраев М.Д.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады