Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2012 жылғы 5 шілдедегі № 41 шешімі. Қостанай облысы Қамысты ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 шілдеде № 9-11-140 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына және 8-тармағына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның
      төрағасы, Қамысты аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Рақымжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қамысты ауданының ауыл шаруашылық
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы
      ____________________ Е. З. Жұмабаев

      "Қамысты ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ К. Т. Нұржанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады