Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 166 қаулысы. Қостанай облысы Қамысты ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 шілдеде № 9-11-141 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 8 тамыздағы № 236 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 08.08.2013 № 236 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, бюджетті іске асыру мақсатында Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әр балаға тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. "Қамысты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Әлеуметтік көмек тиісті оқу жылының ішінде тағайындалатыны белгіленсін.
      4. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қайыржан Талғатұлы Есімтаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.

      Аудан әкімі                                Б. Өтеулин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қамысты ауданының қаржы бөлiмi"
      мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
      _____________________ С.Ж. Әлпаева

      "Қамысты аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесінің бастығы
      ______________________ Л.П. Иванченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады