"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "Қарабалық ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 42 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-175 тіркелген, 2012 жылғы 26 қаңтарда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұйымдардың тізбесінде, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері:
реттік нөмірі 1-жолы жаңа редакцияда жазылсын:
" | 1 | "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, аумақты жинауда және абаттанды- руда көмек көрсету | 39744 | Ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері | Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы екі демалыс күнін, бір сағаттан кем емес түскі үзілісті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес. | ". |
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарабалық ауданының әкімі | Ф. Филиппов |