Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 150 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 сәуірде № 9-12-185 тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, "Әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қостанай облысы Қарабалық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы (келісім бойынша) 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Селолық округтер, Қарабалық кенті және Тоғызақ селосының әкімдері әскерге шақырылушыларды медициналық және әскерге шақыру комиссияларын өту және оларды әскери қызметін өтуге жөнелту үшін жеткізуді ұйымдастырсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаментінің "Қарабалық ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақыруды өткізу және командаларды әскерлерге жөнелту кезеңінде:
      1) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыру;
      2) әскерге шақыру учаскесінде әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жіберу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. А. Кәкімжановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қарабалық ауданының әкімі                       Ф. Филиппов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Қостанай облысының ішкі істер
      департаментінің "Қарабалық
      ауданының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________ Н. Нархов

      "Қостанай облысы Қарабалық
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ____________ В. Гавриш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады