Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 102 қаулысы. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 12 сәуірде № 9-13-148 тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына сәйкес Қарасу ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы (келісім бойынша) 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы республикалық Ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке әскерге шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Қарасу селосында шақыру пункті ұйымдастырылсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Қарасу ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (келісім бойынша) әскерге шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде:
      1) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды iздестiруді жұзеге асыру;
      2) әскерге шақыру пунктінде және әскерге шақырылушыларды "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнен жөнелткен кезде қоғамдық тәртiптi сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкiмiнiң орынбасары Б.Б. Уәлиевке жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Қарасу ауданының әкiмi                          А. Сейфуллин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Қостанай облысы Ішкі істер
      департаменті Қарасу ауданының
      ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесiнің бастығы
      _________ Е. Махмұтов

      "Қостанай облысы Қарасу
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесiнің бастығы
      ___________ А. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады