"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерге жұмыс орындарына квотасын белгілеу туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 209 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы 2012 жылғы 8 мамырдағы № 284 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 12 маусымда № 9-14-176 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 747 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен пунктуациясы сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 22.12.2015 № 747 қаулысымен (оған қол қойылғаннан кейін күшіне енеді).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына, "Пробация қызметі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15 ақпандағы Заңына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерге жұмыс орындарына квотасын белгілеу туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 209 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2011 жылғы 4 мамырда 9-14-149 нөмірімен тіркелген, "Арна" газетінде 2011 жылдың 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының атауы жаңа редакцияда шығарылсын: "Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерге жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда шығарылсын:
      "1. Жұмыс орындар квотасы:
      1) Қостанай ауданының жалпы жұмыс орындар санынан бір пайыз көлемінде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар;
      2) интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін белгіленсін.".
      Көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда шығарылсын:
      "2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, квотаға сәйкес жұмыс орындарға орналастыру үшін, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.".
      2. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      ауданының әкімі                            А. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады