Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 123 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 24 сәуірде № 9-15-174 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, бюджетті іске асыру мақсатында, Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әрбір балаға сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып анықталсын.
      3. Әлеуметтік көмек тиісті оқу жылының ішінде төленеді деп белгіленсін.
      4. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары М.А. Соқытбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға өз іс-әрекетін таратады.

      Аудан әкімі                                      Н. Денинг

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Меңдіқара ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мелекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________ С. Плотникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады