Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 149 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 мамырда № 9-15-176 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 274 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 04.07.2014 № 274 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес, "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынымдары негізінде Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындалсын:
      жаздық бидай, 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
      бұршақтұқымдастар, 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
      күздік (бидай, қара бидай) 15 тамыздан 1 қыркүйекке дейін;
      майлы дақылдар 18 мамырдан 30 мамырға дейін;
      жемшөптік (өткен жылдарындағы көпжылдық шөптерден басқа), 30 сәуірден 15 шілдеге дейін;
      1, 2, 3 өсіру жылдарындағы бұршақтұқымдас көпжылдық шөптер, бірінші мерзім - 20 сәуірден 31 мамырға дейін, екінші мерзім – 5 шілдеден 1 тамызға дейін;
      жүгері мен сүрлемдік күнбағыс, 15 мамырдан 31 мамырға дейін;
      көкөніс, 25 сәуірден 10 маусымға дейін;
      картоп, 10 мамырдан 31 мамырға дейін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. А. Соқытбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Денинг

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады