Мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 374 шешіміне "Тұрғын үй көмегін тағайындау Ережесі туралы" өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 72 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 тамызда № 9-15-180 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 252 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 22.04.2014 № 252 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының, "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйді немесе жеке тұрғын қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін тағайындау Ережесі туралы" мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 374 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9-15-137 тіркелген, 2010 жылғы 18 қарашада "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
      осы шешіммен бекітілген, тұрғын үй көмегін тағайындау Ережесінде:
      13 және 15 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
      "13. "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7412 нөмірімен тіркелген, тұрғын үй көмегін тағайындауға алдынғы тоқсандағы өтініш тоқсандағы отбасының (азаматтың) жиындық табысы уәкілетті орғанмен есептеледі.
      15. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            О. Нұрабаев

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        В. Леонов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Меңдіқара ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі бастығы
      ________ В. Гребенюк

      "Меңдіқара ауданының
      экономика және бюджет
      жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______ Г. Айсенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады