Мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 374 "Тұрғын үй көмегін тағайындау ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 113 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 10 қаңтарда № 3979 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 252 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттық мәтінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфография сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 22.04.2014 № 252 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 қаулысына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін тағайындау ережесі туралы" мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 374 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-15-137 тіркелген, 2010 жылғы 18 қарашада "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      2–тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі - өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі – орталық) өтінішпен өтініш жасайды және мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      отбасының табысын растайтын құжаттар;
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      жекешелендірілген тұрғын үй – жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1–ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек–шот.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Н. Өтеулина

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        В. Леонов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ В. Гребенюк

      "Меңдіқара ауданының экономика
      және бюджет жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ Г. Айсенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады