Науырзым ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) өзгерту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 1 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 32 шешімі. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 11 мамырда № 9-16-143 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 1 қаулысымен және Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2014 жылғы 20 мамырдағы № 225 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 20.05.2014 № 1 қаулысымен және Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 20.05.2014 № 225 шешімімен (қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 631-баптарына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Таратылған Қарақұдық селосының жалпы ауданы - 2334,0 гектар жері алынып, таратылған Шолаққопа селосының жалпы ауданы - 2762,0 гектар жерін қосып, Өлеңді ауылының шекаралары өзгертілсін.
      2. Таратылған Қопа, Қазан селоларының жалпы ауданы - 2764,0 гектар жерлерін қосып, Шолақсай селосының шекарасы өзгертілсін.
      3. Таратылған Қарақұдық селосының жалпы ауданы - 2352,0 гектар жері алынып, Дәмді ауылының шекарасы өзгертілсін.
      4. Таратылған Бестамақ селосының жалпы ауданы - 3384,0 гектар жерін қосып, Мереке селосының шекарасы өзгертілсін.
      5. Таратылған Октябрь, Сарышығанақ селоларының жалпы ауданы - 4745,0 гектар жерлері алынып, таратылған Егінсай селосының жалпы ауданы - 965,0 гектар жерін қосып, Қожа селосының шекарасы өзгертілсін.
      6. Таратылған Науырзым селосының ауданы - 607,0 гектар, Сарышығанак селосының ауданы - 3,0 гектар жерлері, № 2 учаскесінің ауданы - 434,0 гектар, № 3 учаскесінің ауданы - 882,0 гектар жерлерінің бір бөліктері Қожа селосының жерлерінен алынып тасталсын.
      7. Таратылған Киевка селосының ауданы - 290,0 гектар, Жамбыл селосының ауданы - 1962,0 гектар жерлерінің бір бөлігін алып, Қарамеңді селолық округіндегі Жамбыл селосының шекарасы өзгертілсін.
      8. Таратылған Новостройка селосының жерлерін және таратылған Киевка селосы жерлерінің бір бөлігін қосып, жалпы ауданы - 8162,0 гектар, Жамбыл селосының шекарасы өзгертілсін.
      9. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Балғарин

      Сессия төрағасы                            М. Күзембаев

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Б. Аманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады