Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі № 49 шешімі. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 3 тамызда № 9-16-146 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 2 тармағының 7) тармақшасына және 8 тармағына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      аудандық мәслихатының
      хатшысы                                    Б. Аманбаев

      "КЕЛІСІЛДІ":

      "Науырзым ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ___________ Н. Дехтярева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады