Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 127 қаулысы. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 17 сәуірде № 9-17-137 тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Аудандық әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысы ұйымдастырылсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Сарыкөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде:
      1) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру;
      2) аудандық әскерге шақыру учаскесінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Сарыкөл
      ауданының әкімі                            А. Тұрсынов

      КЕЛIСIЛДI:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министірлігі Қостанай облысының Ішкі
      істер департаменті Сарыкөл ауданының
      ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы
      ________________ З. Төлеубаев

      Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық
      сақтау басқармасының "Сарыкөл аудандық
      орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік
      кәсiпорынның бас дәрігері
      _______________ Ж. Құсайынов

      "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының
      Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi"
      мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
      _________________ Т. Өтегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады