Мәслихаттың 2010 жылғы 7 қазандағы № 312 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 30 шешімі. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 мамырда № 9-18-170 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 20.03.2015 № 263 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 7 қазандағы № 312 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-18-125 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 18 қарашада "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген шешімімен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
      1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Таран ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға;
      тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берiледi.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.";
      3-тармақ мына мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Жыл ішінде қайта өтініш беру барысында, егер бұрын ұсынған құжаттарда өзгерістер болмаса, онда деректемелер осы құжаттар түпнұсқаларының негізінде көшермелерді көрсетусіз нақтыланады.";
      4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттар беру сәтінен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.";
      13-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "13. Азаматтың (отбасының) жиынтық табысы уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда, қолданыстағы заңнамамен анықталатын тәртібінде есептеледі.";
      22-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "22. Тұрғын үй көмегiн төлеу уәкiлеттi органмен тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімнің негізінде тұрғын үй көмегін алушылардың банктік шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтыншы, кезекті
      сессиясының төрайымы                       М. Кожушко

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    С. Жолдыбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Таран ауданы
      әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ Л. Өтешева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады