"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27-бабына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы 2012 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етілсін.
2. Ұзынкөл ауданының селолық округтер, Ұзынкөл, Ряжский, Троебрат селоларының әкімдері әскерге шақырылушыларды медициналық және әскерге шақыру комиссияларынан өту үшін жеткізуді және оларды әскери қызметін өту үшін жөнелтуді қамтамасыз етсін.
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынкөл ауданының Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:
1) "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне азаматтардың шақыруын өткізуге өз құзыреті шегінде қажетті көмек көрсету;
2) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыру.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Э.Қ. Күзенбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Ұзынкөл
ауданының әкімі Т. Ташмағамбетов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қостанай облысының ішкі істер
Департаменті Ұзынкөл ауданының
Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ А. Елисеев
"Қостанай облысы Ұзынкөл
ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ О. Оразалиев
"Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Б. Займулдынова