Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 12 қаулысы. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 16 ақпанда № 9-20-208 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 68 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 14.03.2016 № 68 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес Федоров ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Федоров ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес мүгедектердің жұмыс орындарына жұмысқа орналасуы үшiн жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады