Азаматтарды 2012 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы N 53/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 09 сәуірде N 3200 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 19 наурыздағы N 84/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 19.03.2013 N 84/3 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңы 27-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымда және қазан - желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 274 Жарлығының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымда және қазан - желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 274 Жарлығын іске асыру туралы" N 326 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 қаулысына сәйкес Павлодар облысында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткізу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды қамтамасыз етілсін.
      2. Облыс денсаулық сақтау басқармасы азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің өтінімдеріне сәйкес медициналық комиссиялардың құрамында жұмыс істеу үшін әскери-дәрігерлік сараптамада тәжірибесі бар тиісті санаттағы медицина қызметкерлерінің қажетті санын бөлсін.
      3. Облыс ішкі істер департаментіне (келісім бойынша):
      ішкі істер органдарында есепте тұрған және бас бостандығынан айырылмай айыпталған азаматтардың тізімдерін шақыру комиссияларына уақытында беру;
      әскерге шақырылған азаматтарды әскерге аттандыратын кезеңде облыстық жиналу пункті мен теміржол сапаржайында полиция жасақтарының  кезекшілігін ұйымдастыру ұсынылсын.
      4. Қалалар мен аудандар әкімдері:
      шақырылғандарды медициналық тексеру және шақыру комиссияларының жұмысы үшін қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің бастықтарына жабдықталған үй-жайлар берсін, өтінімдерге сәйкес көлікпен, сондай-ақ тиісті санаттағы медициналық қызметкерлердің және техникалық қызметкерлердің қажетті санымен қамтамасыз етсін;
      азаматтарды әскерге шақыру және аттандыру кезінде әскерге шақыру пункттерінде жұмысқа тартылатын шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық персонал мен техникалық қызметкерлердің жұмыс орындарының, атқаратын қызметтері мен орташа еңбекақыларының сақталуын қамтамасыз етсін.
      5. Павлодар облысы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы "Азаматтарды 2011 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 37/2 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3184 болып тіркелді, 2011 жылғы 29 наурыздағы N 33 "Сарыарқа самалы", 2011 жылғы 31 наурыздағы N 34 "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды).
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарына А. А. Осариевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Е. Арын

      Келісілді

      Облыс ішкі істер
      департаментінің бастығы                    С. Кусетов

      Облыс қорғаныс істері
      жөніндегі департаментінің
      бастығы                                    А. Алдажаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады