Павлодар облысы әкімдігінің 2011 жылғы 11 қарашадағы "Облыстық коммуналдық мүлікке ие болудың кейбір мәселелері туралы" N 243/9 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 04 сәуірдегі N 66/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 04 мамырда N 3205 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) және 19) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 74-бабы 3-тармағына және 75-бабы 3-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2011 жылғы 11 қарашадағы "Облыстық коммуналдық мүлікке ие болудың кейбір мәселелері туралы" N 243/9 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 қаңтардағы N 3194 болып тіркелген, 2012 жылғы 10 қаңтардағы N 3 "Сарыарқа самалы", 2012 жылғы 10 қаңтардағы N 3 "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      қаулының атауындағы "Облыстық" деген сөз алынып тасталсын және "Павлодар облысының" деген сөздермен толықтырылсын;
      мәтін бойынша "Облыстық", "Облыстың" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру тәртібі туралы нұсқаулықта:
      атауындағы "Облыстық" деген сөз алынып тасталсын;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы үй-жайларға мемле-кеттік заңды тұлғаларды орналастыру жалдау төлемін өндірмей, ұстау шығындарын (коммуналдық қызметтерді төлеуді, ағымдағы және күрделі жөндеуді жүзеге асыру және т.б.) үлестік өтеу шартымен жүзеге асырылады.";
      61-тармақтағы "облыстық" деген сөз "жергілікті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру тәртібі туралы нұсқаулықта:
      атауындағы "Облыстық" деген сөз алынып тасталсын;
      1-тармақтағы "Облыстық" деген сөз алынып тасталсын;
      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "облыстық" деген сөз алынып тасталсын;
      3-тармақтағы:
      "облыстық" деген сөз алынып тасталсын;
      "облыс" деген сөзден кейін ", аудан (қала)" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақтағы "облыс" деген сөзден кейін ", аудан (қала)" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік құқықтары мәселесін келісу тәртібі туралы нұсқаулықта:
      атауындағы және 1-тармақтағы "Облыстық" деген сөз алынып тасталсын;
      56 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Мемлекеттік басқару органы болып табылатын коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлікті тапсыруы мемлекеттік басқару органының өз ұсынысы бойынша: құны 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін болғанда, Уәкілетті органның шешімі бойынша, 1000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болғанда, жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      Өзге мекеменің мүлікті тапсыруы мемлекеттік басқару органының келісімі бойынша: құны 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін болғанда, Уәкілетті органның шешімі бойынша, 1000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болғанда, жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      6. Облыстың, қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде жүзеге асырылатын мүлікті тапсыру мүліктің орналасқан жері бойынша 30 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
      7. Облыстың, қаланың, ауданның уәкілетті органының шешімі негізінде жүзеге асырылатын мүлікті тапсыру мүліктің орналасқан жері бойынша 10 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.";
      8-тармақтағы "ОС бухгалтерия" деген сөздер "ОС-1, ОС 1-1" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органдары қабылдау-тапсыру актілерін ресімдеу үшін мүлікті қабылдау туралы тиісті шешім қабылдайды.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Д. Әбдіқалықовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Е. Арын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады