Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11-бабының 3) тармақшасына, Железин ауданы әкімдігі мен Железин аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Павлодар облысы Железин ауданы Алакөл ауыл аймағындағы Шипкуль елді мекенін ыдырату" N 111-4/11 бірлескен қаулысы мен шешіміне, Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі "Шипкуль ауылын тарату және оның аумағын Павлодар облысы Железин ауданы Алакөл селолық округінің Алакөл ауылының құрамына енгізу туралы" N 256/9 қаулысына сәйкес, Железин ауданы Алакөл селолық округінің Шипкуль ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Железин ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
елді мекен мәртебесінен айырылуына және оның аумағын Павлодар облысы Железин ауданы Алакөл селолық округінің Алакөл ауылының құрамына енгізуіне байланысты Шипкуль ауылы таратылсын.
2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы қаулы мен шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы И. Әбдіқалықов
Облыс әкімі Е. Арын
Облыстық мәслихаттың хатшысы М. Көбенов