Павлодар қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 1619/23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 07 ақпандағы N 299/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 ақпанда N 12-1-183 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы N 1700/27 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2012.12.24 N 1700/27 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының  31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Павлодар қалалық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсанда "2012 – 2014 жылдарға арналған Павлодар қаласының бюджеті туралы" N 63/40 шешіміне сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі N 1619/23 "Азаматтардың  жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-1-174 тіркелген, N 23 "Шаһар" газетінде 2011 жылғы 12 тамызда, N 32 "Версия" газетінде 2011 жылғы 15 тамызда жарияланған) N 1619/23 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақта:
      10) тармақшада:
      екінші абзацтағы "4 кезеңдегі" деген сөзі "3, 4 кезеңдері" деген  сөздерімен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы "10000 (он мың)" деген сөздері "15000 (он бес мың)" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      11) тармақшадағы "5000 (бес мың)" деген сөздері "10000 (он мың)" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      13) тармақшадағы "4000 (төрт мың)" деген сөздері "4 АЕК (айлық есептік көрсеткіш)" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      21) тармақшада:
      үшінші абзацта "7000 (жеті мың)" деген сөздері "10000 (он мың)" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      төртінші абзацта "3000 (үш мың)" деген сөздері "5000 (бес мың)" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      24) тармақшадағы "тоқсан сайынғы" деген сөзі "ай сайын" деген сөздерімен ауыстырылсын, сондай-ақ "үш айлық есептік көрсеткіш" деген сөздері "бір айлық есептік көрсеткіш" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      31) тармақшада:
      бірінші абзацта "тоқсан сайын әлеуметтік көмек көрсету" деген сөздері алынып тасталсын;
      екінші абзацта "ҰОС мүгедектері мен қатысушылары" деген сөздерінің алдындағы "ай сайынғы әлеуметтік көмек" деген сөздері қосылсын, сондай-ақ "тоқсан" деген сөзі "ай" деген сөзіне ауыстырылсын;
      бесінші абзацта "жалпы соманың мөлшерінде" деген сөздерінің алдында "тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек" деген сөздерімен қосылсын;
      он бірінші абзацта "екі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі" деген сөздерінің алдында "тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек" деген сөздерімен қосылсын;
      34) тармақшадағы "10" деген сандары "15" деген сандарымен ауыстырылсын;
      келесі мазмұндағы 35) және 36) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "35) үшем туған әйелдерге бір жолғы әлеуметтік көмек.
      Отбасына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде төлем жылына бір рет жүргізіледі;
      36) шипажайларда жас мөлшері бойынша зейнеткерлерді сауықтыру үшін 49000 (қырық тоғыз мың) теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек.";
      2-тармақта:
      7) және 8) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
      "7) жетектеушіге мұқтаж және қозғалуда қиындық көретін мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған бірінші топтағы мүгедектерді, арбалы–мүгедектерді арнайы автокөлікпен тасымалдауды ұйымдастыру бойынша.
      Көлік тасымалдауын, мүгедектерге арналған арбаларды жөндеу және техникалық қызметтер көрсету түрінде қызмет көрсетіледі;
      8) көп қабатты ғимаратқа баспалдақ аралығынан көтерілгіш құралының көмегімен арбалы-мүгедектерді тасымалдау бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бойынша.
      Бір адамға ай сайын қызмет орта айлық құны өткізілетін мемлекеттік сатып алу қызметі негізінде анықталады;";
      келесі мазмұндағы 9) және 10) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "9) мұқтаж мүгедектерге тифло-сурдотехникалық құралдарды жөндеу бойынша.
      Қызмет көрсету құны өткізілген мемлекеттік сатып алу қызметіне сәйкес анықталады;
      10) 1, 2 топтағы мүгедек-әйелдерді психологиялық сауықтыру мен әлеуметтік бейімдеу.
      Қызмет көрсету құны мемлекеттік сатып алу қызметіне сәйкес анықталады.".
      2. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны ресми жариялауды және белгіленген тәртіпте әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. М. Қанафинаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі                   О. Қайыргелдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады