Мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 15 тамыздағы N 1149/23 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 тамызда N 12-1-191 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 20 маусымдағы N 778/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 20.06.2013 N 778/3 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" N 745 қаулысына сәйкес, мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсету мақсатында, Павлодар қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлген:
      1) "Ветеринариялық аңықтама беру" мемлекеттiк қызмет регламентi;
      2) "Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттiк қызмет регламентi бекiтiлсiн.
      2. "Павлодар қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының белгіленген тәртіпте заң органдарында тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Ш. А. Шегеновке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Павлодар қаласының әкімі                   О. Қайыргелдинов

Павлодар қаласы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 15 тамыздағы 
N 1149/23 қаулысымен  
бекiтiлген       

"Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттiк қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) осы регламентке 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша қаланың ветеринария бөлімі және кент, ауылдар мен селолық округтер әкiмдерi аппараттарының (бұдан әрi – селолық округтер әкiмдерiнiң аппараттары) ветеринарлық дәрiгерiмен ұсынылады.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 сәуiрдегi "Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi N 745 қаулысына   өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" N 464 қаулысымен бекiтiлген "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт) негiзiнде көрсетiледi.
      4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi ветеринариялық анықтама (қағаздағы тасымалдағышта) беру, не жазбаша түрдегi мемлекеттiк қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      5. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңында   белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн көрсетiледi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы стендтерде орналасқан.
      6. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады:
      1) мемлекеттiк қызмет жүгiнген күннiң iшiнде көрсетiледi;
      2) мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң ең жоғары рұқсат етiлетiн уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең жоғары рұқсат етiлетiн уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды.
      7. Мемлекеттiк қызмет (ветеринариялық анықтаманың бланкiсiн беру) ақылы көрсетiледi. Тұтынушы мемлекеттiк қызметке төлемдi стандарттың 8-тармағына сәйкес жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi әрекет
(өзара әрекеттiлiк) реттiлiгiнiң сипаттамасы

      8. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы стандарттың 11–тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      9. Мемлекеттiк қызмет тұтынушы, не оның өкiлi тiкелей жүгiнген кезде ұсынылады.
      10. Ветеринариялық анықтама тұтынушыға, не жеке өзi келген кезде оның өкiлiне берiледi.
      11. Мемлекеттiк қызмет ұсынудан бас тарту үшiн негiздер стандарттың 16-тармағында көрсетiлген жағдайларда ескерiлген.
      12. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмiн көрсете отырып, әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк әрекеттерiнiң (рәсiмдерiнiң) өзара әрекеттестiгi мен реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтiрiлген.
      13. ҚФБ мен мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде әкiмшiлiк әрекеттердiң логикалық реттiлiгiнiң арасындағы өзара байланысты бейнелейтiн сызба осы регламентің 3-қосымшасында келтiрiлген.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн
лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      14. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiн бұзғаны үшiн лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған жауапкершiлiкке тартылады.

"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттiк қызмет регламентiне
1-қосымша        

Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн
мемлекеттiк мекемелердiң атауы

р/с N Мемлекеттiк мекеменiң атауы Орналасқан мекенжайы Байланыс деректерi

1

"Павлодар қаласының ветеринария бөлiмi" ММ

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Мир көшесi, 54/1

тел: 8 (7182) 32-89-52, факс: 32-07-30 E-mail: www.vet-pvl.gov.kz

2

"Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 3

тел/факс: 8 (7182) 35-28-24 e-mail: gulzhankazhibaeva@mail.ru

3

"Павлодар ауылы әкімінің аппараты" ММ

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Павлодар ауылы, Советская көшесі, 4

тел: 8 (7182) 35-83-38, факс: 35-83-17 E-mail: akimat4@mail.ru

4

"Мойылды ауылы әкімінің аппараты" ММ

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Мойылды ауылы, Центральная көшесі, 5-12

тел: 8(7182) 356530 факс: 35-65-04 e-mail: moildy@inbox.ru

5

"Ленин кенті әкімінің аппараты" ММ

Павлодар облысы,  Павлодар қаласы, Ленин көшесі, Макаренкокөшесі, 3А

тел: 8 (7182)33-72-07 факс:8 (7182) 33-72-42 E-mail: akimat_leniski@mail.ru

"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттiк қызмет регламентiне
2-қосымша        

Құрылымдық-функционалдық бiрлiктердiң
(ҚФБ) iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы

Үдерiстердiң (барысының, жұмыс ағынының) iс-әрекеттерi

1

Iс-әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) N

1

2

2

ҚФБ атауы

Павлодар қаласы ветеринария бөлімінің және селолық округ әкiмi аппаратының ветеринарлық дәрiгерi

Павлодар қаласы ветеринария бөлімінің және селолық округ әкiмi аппаратының ветеринарлық дәрiгерi

3

Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қажеттi құжаттарды қабылдайды

Ветеринариялық анықтаманы толтырады, мөр басады, не мемлекеттiк қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды, қол қояды, тұтынушыға бередi

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкiмшi шешiм)

Өтiнiштi журналда тiркеу

Ветеринариялық анықтама, не мемлекеттiк қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап

5

Орындау мерзiмдерi

30 минуттан аспайды

30 минуттан аспайды

6

Келесi iс-әрекеттiң нөмiрi

2


"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттiк қызмет регламентiне
3-қосымша        

"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттiк қызметiн ұсыну үдерiсiнiң сызбасы

Павлодар қаласы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 15 тамыздағы 
N 1149/23 қаулысымен  
бекiтiлген       

Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттiк қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. "Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасында   көрсетiлген мекенжайлар бойынша қаланың және кенттің, ауылдар мен селолық округтер әкiмдерi аппараттарының (бұдан әрi – ауылдық округтер әкiмдерiнiң аппараттары) ветеринарлық дәрiгерiмен ұсынылады.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 сәуiрдегi "Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi N 745 қаулысына   өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" N 464 қаулысымен бекiтiлген "Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттiк қызмет стандарты   (бұдан әрi - стандарт) негiзiнде көрсетiледi.
      4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi жануарға ветеринариялық паспорт (жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға ветеринариялық паспорттың үзiндiсiн) (қағаздағы тасымалдағышта) беру, немесе жазбаша түрдегi мемлекеттiк қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету
тәртiбiне қойылатын талаптар

      5. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңында   белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы стендтерде орналасқан.
      6. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады:
      1) жануарға ветеринариялық паспорт (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi) беру мерзiмi жануарға бiрдейлендiру нөмiрін берген сәттен бастап немесе оны беруден бас тарту - 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде;
      2) жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру мерзiмi жануар иесi жануарға ветеринариялық паспорттың жоғалғаны туралы өтiнiш берген күнiнен бастап - 10 (он) жұмыс күнi iшiнде;
      3) мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң ең жоғары рұқсат етiлетiн уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды;
      4) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең жоғары рұқсат етiлетiн уақыты 40 (қырық) минуттан аспайды.
      7. Мемлекеттiк қызмет (жануарға ветеринариялық паспорттың бланкiсiн беру) ақылы көрсетiледi. Тұтынушы мемлекеттiк қызметке төлемдi Стандарттың 8-тармағына сәйкес жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi әрекет
(өзара әрекеттiлiк) реттiлiгiнiң сипаттамасы

      8. Жануарға ветеринариялық паспорт (жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасы, жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi) жануар иесiне, не жеке өзi келген кезде оның өкiлiне берiледi.
      Жануарға ветеринариялық паспортты алу үшiн тұтынушы жануарға ветеринариялық паспорттың бланкiсiнiң құнын төлегенiн растайтын құжатты ұсынады. Бұдан басқа, жануарда оған берiлген бiрдейлендiру нөмiрi болуы қажет.
      Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (ветеринариялық паспорттан үзiндi) алу үшiн тұтынушымен Стандарттың 11-тармағында   көрсетiлген құжаттар ұсынылады.
      9. Жануарға ветеринариялық паспорт алу үшiн жүгiнген кезде тұтынушының қажеттi құжаттар тапсырғанын растайтын құжат талап етiлмейдi.
      Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi) алу үшiн жүгiнген кезде тұтынушының өтiнiшi тiркеу журналында тiркеледi және тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алу күнi мен уақыты, мерзiмi мен орны көрсетiлген талон берiледi.
      10. Мемлекеттiк қызмет ұсынудан бас тарту үшiн жануардың берiлген бiрдейлендiру нөмiрi болмауы негiз болып табылады.
      11. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмiн көрсете отырып, әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк әрекеттерiнiң (рәсiмдерiнiң) өзара әрекеттестiгi мен реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтiрiлген.
      12. ҚФБ мен мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде әкiмшiлiк әрекеттердiң логикалық реттiлiгiнiң арасындағы өзара байланысты бейнелейтiн сызба, осы регламенттің 3-қосымшасында келтiрiлген.

4. Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн
лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      13. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiн бұзғаны үшiн лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жауапкершiлiкке тартылады.

"Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттiк қызмет регламентiне  
1-қосымша              

Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн
мемлекеттiк мекемелердiң атауы

р/с N Мемлекеттiк мекеменiң атауы Орналасқан мекенжайы Байланыс деректерi

1

"Павлодар қаласының ветеринария бөлiмi" ММ

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Мир көшесi, 54/1

тел: 8 (7182) 32-89-52, факс: 32-07-30 E-mail: www.vet-pvl.gov.kz

2

"Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 3

тел/факс: 8 (7182) 35-28-24 e-mail: gulzhankazhibaeva@mail.ru

3

"Павлодар ауылы әкімінің аппараты" ММ

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Павлодар ауылы, Советская көшесі, 4

тел: 8 (7182) 35-83-38, факс: 35-83-17 E-mail: akimat4@mail.ru

4

"Мойылды ауылы әкімінің аппараты" ММ

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Мойылды ауылы, Центральная көшесі, 5-12

тел: 8(7182) 356530 факс: 35-65-04 e-mail: moildy@inbox.ru

5

"Ленин кенті әкімінің аппараты" ММ

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, Макаренко көшесі, 3А

тел: 8 (7182)33-72-07 факс:8 (7182) 33-72-42 E-mail: akimat_leniski@mail.ru

"Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттiк қызмет регламентiне  
2-қосымша              

1 кесте. Тұтынушы жануарға ветеринариялық паспорт
алу үшiн жүгiнген кезде құрылымдық-функционалдық
бiрлiктердiң (бұдан әрi – ҚФБ) iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы

Негiзгi үдерiстiң (барысының, жұмыс ағынының) iс-әрекеттерi

1

Iс-әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) N

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Павлодар қаласы ветеринария бөлімінің және селолық округ әкiмi аппаратының ветеринарлық дәрiгерi

Павлодар қаласы ветеринария бөлімінің және селолық округ әкiмi аппаратының ветеринарлық дәрiгерi

Павлодар қаласы ветеринария бөлімінің және селолық округ әкiмi аппаратының ветеринарлық дәрiгерi

3

Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қажеттi құжаттарды қабылдайды

Жануарға ветеринариялық паспортты толтырады, мөр басады, немесе мемлекеттiк қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды, қол қояды

Жануарға ветеринариялық паспорт, немесе мемлекеттiк қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап бередi

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкiмшi шешiм)

Өтiнiштi тiркеу

Жануарға ветеринариялық паспорт, немесе мемлекеттiк қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап

Жануарға ветеринариялық паспорт, немесе мемлекеттiк қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап

5

Орындау мерзiмдерi

30 минуттан аспайды

1 жұмыс күнi

40 минуттан аспайды

6

Келесi iс-әрекеттiң нөмiрi

2

3


2 кесте. Тұтынушы жануарға ветеринариялық паспорттың
телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi)
алу үшiн жүгiнген кезде құрылымдық-функционалдық
бiрлiктердiң (бұдан әрi – ҚФБ) iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы

Негiзгi үдерiстiң (барысының,
жұмыс ағынының) iс-әрекеттерi

1

Iс-әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) N

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

Павлодар қаласы ветеринария бөлімінің және селолық округ әкiмi аппаратының ветеринарлық дәрiгерi

Қаланың ветеринария бөлімінің бастығы, селолық округтің әкiмi

Павлодар қаласы ветеринария бөлімінің және селолық округ әкiмi аппаратының ветеринарлық дәрiгерi

Павлодар қаласы ветеринария бөлімінің және селолық округ әкiмi аппаратының ветеринарлық дәрiгерi

3

Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қажеттi құжаттарды қабылдайды, тiркейдi

Келiп түскен құжаттарды қарайды

Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндiнi) толтырады, мөр басады, қол қояды

Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндiнi) бередi

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкiмдік шешiм)

Талон

Бұрыштама

Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасы (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi)

Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасы (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi)

5

Орындау мерзiмдерi

30 минуттан аспайды

1 жұмыс күнi

7 жұмыс күнi

40 минуттан аспайды

6

Келесi iс-әрекеттiң нөмiрi

2

3

4


"Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттiк қызмет регламентiне  
3-қосымша              

Тұтынушы жануарға ветеринариялық паспорт алу үшiн
жүгiнген кезде "Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттiк қызметiн ұсыну үдерiсiнiң
1-сызбасы

Тұтынушы жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын
(жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi) алу үшiн
жүгiнген кезде "Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттiк қызметiн ұсыну үдерiсiнiң
2-сызбасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады